қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі
  • Университет пен кафедраның тәрбие жұмысының мазмұны

мен арналымы интеллегенцияның жаңа кадрларын дайындап шығаруға негізделеді. Тәрбие жұмысының мақсаты болашақ маманның тұлға болып қалыптасуы үшін оптималды жағдайлар жасаумен анықталады. Сондай-ақ азаматтық - патриоттық қасиеттерін қалыптастыру және қоғамның заңдары мен адамгершілік нормаларына  тәрбиелеу.

            Процесс мақсаты болып студенттердің университеттің қоғамдық өміріне белсенділігін арттыру, адамгершілік, ұлттық - мәдени және патриоттық құндылықтарына сай қасиеттер қалыптастыру.

Қазіргі заман талабына сай өз бетінше шешім қабылдай алатын білікті, білімді маман бола алатын, алдына қойған міндет мақсаттарын анықтай алатын, өмірдегі өз жолын таба алатын адам етіп тәрбиелеу.

Маңызды міндеттерінің біріне профессионалды қызметке қажетті кәсіби және жеке қасиеттерін жетілдіріп өз отатына деген сүйіспеншілігін творчествалық және рухани мүмкіндіктерін арттыру және студенттік өзін - өзі басқаруларға белсенді түрде қатысу жатады.

Тәрбиелік жұмыстың сапалық критериялары болып келесілер табылады:

-          факультеттің, университеттің, кафедраның қоғамдық өміріне студенттердің қатысу деңгейі;

-          студенттік пәндердің деңгейі;

-          тәрбиелік сипаттағы шаралардың сапасы мен саны;

-          студенттік активтің қызметі.

Тәрбие жетекшілер жұмысының негізгі бағыттары болып келесілер табылады:

  • Студенттерге ішкі тәртіп ережелерін, жатақхана ережелерін, басқа да нормативтік тәртіп ережелерін түсіндіру және олардың орындалуын бақылау.
  • Топ старостасын таңдау және бекітумен староста жұмысына көмектесу.
  • Студенттердің өзін - өзі тәрбиелеуге, өзін - өзі білімін дамытуға және өзін - өзі бақылауға үйрету, сондай - ақ топ белсенділігін көтеріп, оларды ғылыми - зерттеу жұмыстарына тарту.
  • Студенттерді әлемдік және отандық мәдениет негізінде мәдени және рухани дамыту.
  • Студенттердің ата - аналарымен өзара қарым - қатынас орнату.
  • Жоғары оқу орны ішіндегі, қалалық, аймақтық іс - шараларға дайындық барысында студенттерге көмек көрсету.
  • Студенттерді жеке тұлға ретінде тану, олардың отбасылық және материалдық жағдайларын, әр түрлі қызығушылықтарымен танысу.
  • Жағдайы жоқ отбасынан шыққан студенттерге, мүгедек студенттерге; денсаулығы жоқ балалары бар студенттерге әлеуметтік жәрдем көрсету.
  • Студенттерді қоғамдық жұмыстарға, дене тәрбиесі шараларына, сондай - ақ сенбіліктерге және студенттер қатысатын басқа да іс - шараларға тарту.

Тәрбие жетекшілері студенттер сұрақтарына және қажеттіліктеріне өте мән береді. Топ жиналасына және топтың басқа да іс - шараларына қатысады. Студенттер әр қашанда тәрбие жетекшілеріне кеңес, көмек және қолдау сұрай алады.  

  • Эдвайзерлердің іс - шаралары

Әлеуметтік - тәрбиелік үрдісте, студенттердің жеке білім стратегиясын қалыптастыруда эдвайзерлер маңызды рөл атқарады. Эдвайзерлердің құқықтары мен міндеттері ішкі эдвайзерлер Ережесінде анықталған.

Оқудың жеке білім беру траекториясын жүзеге асыру мен таңдау үшін, сондай - ақ оқытудың кредиттік жүйесінде оқу жоспарының ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін жоғары ору орнында консультациялық көмек ұйымдастырылған, немесе академиялық консультант - эдвайзерлер деп аталынады. Олардың саны институттағы студенттердің санымен байланысты бекітіледі.

Кафедра эдвайзерлері білім алушылардың академиялық қызығушылықтарын арттырып, оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етуге, оларды  электронды тасығаштар арқылы  студенттерге ұсыну және білім алушылардың жеке оқу жоспарларын құрастыруға көмектеседі; барлық оқылатын пәндер бойынша ағымдық және қорытынды бақылауды жүргізу ережелерінің орындалуын, әдістемелік материалдардың өз уақытында дайындалуын бақылайды.

Эдвайзерлер міндеттері: білім алушыларға оқудың жеке траекториясын анықтауға және білім беру бағдарламасын меңгеруге көмек көрсету; білім алушылардың сәйкестендірілген мамандығы бойынша оқу траекториясын таңдау барысындағы қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықтау; білім алушылардың жеке оқу жоспарларын құрастыруға қатысу; студенттердің академиялық статусын және үлгерімі туралы сұрақтарды қарастыратын эксперттік комиссия жұмысына қатысу.

Кафедра меңгерушісімен ақылдаса отырып университет ректорының бұйрығымен эдвайзерлер тағайындалады. Эдвайзерлер білім алушыларды университет өмірімен, оқу жоспарымен, диплом алу талаптарымен таныстырады. Сондай - ақ,  білім алушылардың сәйкестендірілген мамандығы бойынша оқу траекториясын таңдау барысындағы қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықтауға көмектеседі. Эдвайзерлер тіркеу бөлімінің Ережелеріне сәйкес барлық іс - шараларына қатысады.

 

2014-2015 оқу жылындағы «Экономика және бизнес» кафедрасының тәрбие жұмысының жоспары