Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы (PGCE)
Кадрларды қайта даярлау бағдарламалары кәсіптік қызметтің жаңа түрін орындауға қажетті жекелеген пәндерді, ғылымның, техника мен технологияның бөлімдерін зерделеуді көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша қосымша білімді, іскерлікті және дағдыларды игеруге бағытталған.
Курсты жоғарғы оқу орындары педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар үшін өткізеді.
Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы бойынша кадрларды даярлау бағыттары:
1.
|
6B0I 101
|
Педагогика және психология
|
2.
|
6В01201
|
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
|
3.
|
6B01302
|
Бастапқы білім
|
4.
|
6B01402
|
Музыкалық тәрбие
|
5.
|
6B0l4l6
|
Өнер тәрбиесі
|
6.
|
6B0I420
|
Еңбек және кәсіпкерлік негіздері
|
7.
|
6В01401
|
Бастапқы әскери дайындық
|
8.
|
6B0I404
|
Дене шынықтыру және спорт
|
9.
|
6B01501
|
Математика
|
10.
|
6В01502
|
Математика, физика
|
11.
|
6B0I 503
|
Математика-информатика
|
12.
|
6В01504
|
Физика
|
13.
|
6В01506
|
Физика-информатика
|
14.
|
6В01507
|
Есептеу техникасы
|
15.
|
6В01509
|
Информатика және робототехника
|
16.
|
6В01510
|
Химия
|
17.
|
6B0I 512
|
Химия-биология
|
18.
|
6B0I 513
|
Биология
|
19.
|
6В01515
|
География
|
20.
|
6B0l 601
|
Тарих
|
21.
|
6B0l701
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
22. |
6B01702
|
Орыс тілі мен әдебиеті
|
23.
|
6B0l703
|
Шет тілі: екі шет тілі
|
24.
|
6B0l704
|
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
|
25.
|
6В01705
|
Орыс тілді емес мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
|
26.
|
6В01901
|
Арнайы педагогика: Сурдопедагогика
|
27.
|
6В01902
|
Арнайы педагогика: Логопедия
|
28.
|
6В01903
|
Арнайы педагогика: Олигофренопедагогика
|
29.
|
6B0I 904
|
Арнайы педагогика: Тифлопедагогика
|
Оқу бағдарламасы 6 айға есептелген.
Бағдарлама педагогикалық дағдылардың интенсивті тәжірибесі мен мамандар қажеттілігіне бағытталған.
Педагогикалық қайта даярлау курсын аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға меңгерген пәндері көрсетілген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұлттық үлгідегі сертификаты беріледі.
Оқу ақысы 344 800 теңге.
Кредиттер саны - 50 ECTS (1500 академиялық сағат)
Құжаттар күзгі қабылдауға 20 маусымнан 20 тамызға дейін және қысқы қабылдауға 20 қыркүйектен 20 қарашаға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Алматы көш. Қазыбек би, 30, бөлме. № 205
Байланыс телефондары: +7727 293-03-87
Курсқа түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:
1. Жоғарғы оқу орнының басшысының атына еркін нысанда өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Білімі туралы құжат көшірмесі;
4. 3x4 өлшеміндегі алты сурет;
5. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
6. Жоғарғы білімі туралы, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі туралы.