қазақша · русский · english
   
Ғылыми- зерттеу қызметі

Кафедраның профессорлық- оқытушылық құрамы оқу-педагогикалық қызметін ғылыми-зерттеу жұмысымен тығыз байланыстырады. Ғылыми зерттеулер «Ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудағы басқарушылық аспектілері»  бағыты бойынша жүргізіледі. Сонымен, кафедрада э.ғ.д. Смагуловтың басқаруымен 055 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет» бюджеттік бағдарлама шегінде, 101 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық экономиканы жылдам жаңғырту және әлемдік тәжірибені ескере отырып Қазақстанда қазіргі заманғы лизингтің даму болашағы және мәселелерінің жағдайын зерттеу» тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Лизинг елдің индустриалды-инновациялық даму стратегиясын, 2010-2014 жылдарға (ҮИИДМБ) Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын және экспорттың дамуы, инвестицияның тартымдылығы бойынша, еңбек өнімділігін арттыру, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы шегіндегі негізгі бағдарламаны  жүзеге асырудағы бірден-бір тиімді құралға айналды. Ол басыңқы салалардың кластерлік дамуының катализаторына (жеделдетушіге) айналады. Бұл зерттеудің өзектілігін, теориялық және тәжірибелік маңыздылығын анықтайды.

Кафедраның профессоры, э.ғ.д. Керимова У.К. «АӨК басқару жүйесінің тиімділігін талдау және оны жетілдіру бойынша нұсқауларды жасау» тақырыбы шегіндегі зерттеу жобасы бойынша ғылыми зерттеулерді басқарады («Қазагроинновация» ҚР АШМ бойынша грант).

Жобаның мақсаты ҚР-ғы АӨК басқару жүйесінің тиімділігін талдау және оны жетілдірудегі нұсқау жасау болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы барлық деңгейдегі кешеннің шаруашылық іскерлігінің және өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған және сыртқы және ішкі ортаны өзара шараларын нығайтуды қамтамасыз ететін, инновациялық технологиялардың даму жағдайында басқару жүйесін ұйымдастырушылық негізде жаңарту АӨК басқару жүйесінің тиімділігін құрудың теориялық және әдістемелік ережелерін анықтау және негіздеуден тұрады.

Зерттеулер нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы жоба бойынша нұсқау АӨК басқару құрылымын оңтайландыруға, қызметкерлер штатын білікті мамандармен толықтыруға, олардың қызметтік міндеттерін анықтауға, ҚР АӨК басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін индустриалды-инновациялық даму жолына ауысу бойынша міндеттерді жүзеге асыру, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтитын және экспорттық әлеуетін кеңейтумен ресурстық әлеуетті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Үздік оқитын студенттер жоғарыда көрсетілген тақырып шегінде ғылыми зерттеуге белсенді қатыса алады.