қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.05.2024

«Абай оқулары: Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен келешегі» VІ Халықаралық ғылыми семинары

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультетінің «Орыс тілі және әдебиеті» кафедрасы және Слупск қаласындағы (Польша) Помор университеті жанындағы Абай атындағы Қазақ мәдениеті және ғылым орталығы бірлесіп, Абай атындағы Қазақ мәдениеті және ғылым орталығының 5 жылдығына арналған «Абай оқулары: Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен келешегі» VІ Халықаралық ғылыми семинарын өткізеді.

 

Семинар Польша Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен 2024 жылдың 19 маусымында аралас форматта (офлайн және қашықтықтан) өтеді.

 

Жұмыс тілдері: поляк, қазақ, орыс, ағылшын.

Сөйлеу регламенті: 10-15 минут.

Өтінім беру мерзімі: 2024 жылдың 12 маусымына дейін.

Өтінім беру үшін электрондық пошта: abaicentrum@upsl.edu.pl

Ұйымдастыру комитеті: Төрайым – dr hab. Danuta Gierczyńska, prof. AP, Орталық үйлестірушісі – dr Maxim Ponomarenko, Ғылыми қолдау – ф.ғ.д., профессор Сауле Абишева (Алматы, Қазақстан).