қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.02.2019

Университетте су тасқынын алдын-алу шаралары бойынша жаттығу жүргізілді

 

22 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Сел қауіпі туындаған жағдайда ЖОО басшы құрамының, қызметкерлер мен студенттердің іс-әрекеті» дайындық жаттығу жұмыстары жүргізілді.

 

Сел қауіпі туындаған жағдайдағы сауатты іс-қимыл әрекеті мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты. Жаратылыстану және география институтында интерактивті сабақ өтікізіліп, сел ағындарының Алматы қаласына тигізетін жойқын әсері көрсетілді.

 

Қатысушылардың назарына су тасқыны қаупі туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер ұсынылды. Университет дәрісханасынан студенттерді қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов және институт профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Азаматтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық бөлімі