Негізгі бет /
Хабарландыру
14.04.2016
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Халықаралық педагогикалық білім және ғылым академиясы (Ресей)
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, п.ғ.д., профессор Г.А. Умановтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы контекстінде «Қазақстан Республикасы педагогикалық білімін жүйелі жаңғырту: мәселелері, шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2016 жылдың 27 мамыр күні өткізіледі.
Қазақстан, Алматы
Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Халықаралық педагогикалық білім және ғылым академиясы (Ресей). Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, орта, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім беруді жүйелі жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылау. Конференцияның жұмысына қатысуға : Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық білім академиясы; қазақстандық, шетелдік педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындары, Халықаралық педагогикалық білім және ғылым академиясы (Ресей); «Өрлеу», «Дарын», «Оқулық», «Педагогикалық шеберлік» орталықтары; облыстық, қалалық білім беру бөлімдерінің, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін мекемелерінің басшылары; педагогикалық білім беру саласы бойынша отандық және шетелдік сарапшылар; педагогикалық басылымдар және баспасөз өкілдері шақырылады. Конференция жұмысы төмендегідей секциялар бойынша ұйымдастырылады: 1. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді жаңғыртудың өзекті мәселелері. 2. Орта және орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғыртудың өзекті мәселелері. 3. Жоғары педагогикалық білім беруді жаңғыртудың өзекті мәселелері. 4. Жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім беруді жаңғыртудың өзекті мәселелері. Конференцияның пленарлық отырысының жұмыстары мынадай бағытта жүзеге асырылатын болады: - Педагогтарды даярлау кешенді мәселе ретінде. - Қазақстан Республикасы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы тұрғысында жаңғырту. - Болашақ мұғалімдерді білім берудің барлық деңгейінде жастардың ұлттық өзіндік санасын қалыптастыруға даярлау. - «Қазақстан Республикасының "Мәңгілік ел" ұлттық идеясы контексінде үздіксіз педагогикалық білім жүйесін жаңғырту тұжырымдамасының" жобасын талқылау (Абай атындағы ҚазҰПУ). - Халықаралық және отандық сарапшылар «Қазақстан Республикасының "Мәңгілік ел" ұлттық идеясы контексінде үздіксіз педагогикалық білім жүйесін жаңғырту тұжырымдамасының" жобасы туралы (Абай атындағы ҚазҰПУ).
Конференцияға қатысу түрі: келіп қатысу немесе сырттай қатысу . Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс және ағылшын. Өтінім берудің соңғы күні: 30 сәуір, 2016 жыл.
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Мақаланың минимальды көлемі - 3 бет (әдебиеттер тізімін қосқанда). Мақаланың максималды көлемі - 6 бет (әдебиеттер тізімін қосқанда). Ғылыми еңбектер жинағының бір данасымен қоса мақаланың құны (пошталық жөнелтуін есептемегенде) 3500 теңгені құрайды. Әрбір қосымша беттер үшін құны 300 теңге. Авторлар саны - шектелмеген және мақаланың құнына әсер етпейді. Қосымша жинақтың данасы 500 теңге тұрады. Бір автор бірнеше мақалалар жариялай алады. Бұл жағдайда әр жарияланған мақала үшін өленеді. Жинақтың пошта арқылы жеткізілу құны: Қазақстан -1000 тенге, ТМД елдеріне-1500тенге, алыс шетелге -2000 тенге (1дана). Жинақтарды таратылу арнайы тапсырысты бандерольдар арқылы жүргізіледі. Қатысушылар аты-жөні жазылған түрлі-түсті қорғау элементтері бар бланкідегі (А 4форматтағы) сертификатқа тапсырыс бере алады. Бір сертификаттың құны - 500 теңге. Бір сертификат бір авторға жазылады. Тапсырыс беру кезінде сертификатының бланкісінде "автор туралы мәліметтер" көрсетілуі қажет. Сертификаттар жинақтармен бірге таратылады. Сертификаттарға, жинақтың қосымша даналарына тапсырыс беру және төлеу ұйымдастыру жарнасымен қатар бір мезгілде жүргізіледі. Іссапар шығындары қатысушыны жіберген ұйымның есебінен.
МАҚАЛАНЫ ЖАРИЯЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Мәтін Microsoft Word немесе Open Office Writer шрифтімен терілуі тиіс. 2. Тілі - орыс, қазақ, ағылшын, басқа тілдерде мүмкін. 3. Беттің көлемі - А4, парақтың бағыты - «кітап». 4. Жиектері: жоғарғы - 2 см; төменгі - 2 см; сол жағы - 1.5 см; оң жағы - 3 см. 5. Шрифт "Times New Roman", кегль(шрифт көлемі)-14 6. Жоларалық интервалы - 1.0. 7. Абзацтың шегінісі: сол жағы - 0, оң жағы - 0, алғашқы жолы -1,25см. 8. Мақаланың бірінші абзацы: ортасында, жартылай қалын - мақаланың толық атауы. 9. Мақаланың екінші абзацы: оң жақта, қарайтылған, курсив- толығымен автордың (авторлардың) ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы немесе лауазымы, тегі,аты-жөні (12 шрифт). 10. Мақаланың үшінші абзацы: оң жақта, курсив - ЖОО - аты , ел, қала (қысқартылған қабылданбайды), немесе жұмыс орындалған мекеменің толық атауы, қаласы жазылады (12 шрифт). 11. Мақаланың төртінші абзацы: ортасында, курсивпен - түйіндеме (қазақ/орыс, ағылшын тілдерінде) (12 шрифт). 12. Мақала мәтіні (14 шрифт): пішімдеу - ені бойынша. Мақала бөлімдерінің, беттерінің, тізбектерінің алшақтықтары жіберілмейді; әріптер арасында тығыздалған немесе бөлінген интервал қолдануға болмайды. 13. Қиын оқылатын шрифтегі мәтін, диаграммалар, графиктер, суреттер және т.б. сканерден өткізілген сурет түрінде мақалаға қойылады. Сыйымдылығы 300 dpi. аспауы тиіс. 14. Әдебиеттер тізімін автоматты түрде нөмірлеуге жол берілмейді. Мәтінінде тізімдерді нөмірлеу қолмен жасалады. 15. Әдебиеттер тізімі (12 шрифт) мақаланың соңында, әдебиеттер колдану ретімен, ГОСТ Р 7.0.5 - 2008 сәйкес рәсімделеді. Мәтінде сілтемелер тиісті тік жақшада рәсімделеді: реттік нөмірі көрсетіледі, әдебиеттер тізіміндегі реттік саны және беті көрсетіледі, мысалы [5,Б.17]. Автоматтық сілтемелерді қолдануға болмайды. 16. Беттерді нөмірлеуге болмайды. 17. Мақала мәтіні (тезистер) мұқият өңделген және редакцияланған болуы тиіс. Мақалада келтірілген деректер, дәйексөздер, статистикалық және басқа да мәліметтердің мазмұны үшін жауапкершілік авторларға жүктеледі (рәсімдеу үлгісі төменде).
Көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп жіберілген немесе талаптарға сай ресімделмеген материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды. Ұйымдастыру комитеті мазмұны және рәсімделуі талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды жариялаудан бас тартуға құқылы.
Материалдарды Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция "Қазақстан Республикасы педагогикалық білімін жүйелі жаңғырту" деген белгімен, төмендегі электрондық поштаға жіберіңіз: Konf_2016@mail.ru. Файлдың аты бірінші автордың тегімен сәйкес болуы тиіс. Конференция жұмысына қатысу үшін материалдарды келесі мекен-жайға жолдау қажет: 010005, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы, 13, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, жалпыуниверситеттік педагогика кафедрасы. Мақала төлемінің көшермесін төменде көрсетілген электрондық почтаға жіберу керек: Konf_2016@mail.ru
Байланыс телефондары:8-(727) 2-91-19-81; Жампеисова Корлан Кабыкеновна - 8 701 726 7721; Қайдарова Аймен Жексембайқызы- 8 701 711 68 76; Колумбаева Шолпан Жаксыбаевна - 8 708 654 78 35; Жумашева Светлана Сатыбалдиевна -8707 132 10 47; Кошербаева Айгерим Нуралиевна - 8708 973 01 25.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
АВТОР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
ТӨЛЕМ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІН ТӨЛЕУ ҮШІН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖАРНА:
Ақша аударымын алушы: РГП ПХВ КазНПУ им. Абая КБЕ 16 РНН 600900529562ИИК KZ178560000000086696 АЛУШЫНЫҢ БАНКІ "АҚ" БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ" Алматы қ., БИН 031240004969 БИК KCJBKZKX
Ақша аударған уақытта «ҚР педагогикалық білімін жүйелі жаңғырту» деп белгі қою керек және аты-жөніңізді көрсету қажет. Алыс шет елдер және ТМД елдері үшін: операция коды-861
|