Негізгі бет
Жаңалықтар
22.02.2019 «Білім беру Альянсы» Консорциумы мүшелерінің жиналысы
22 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Білім Альянсы» Консорциумы мүшелерінің жиналысы өтті.
Іс-шара барысында Такир Балықбаев, Ғани Бейсембаев, Финляндиядан келген халықаралық сарапшылар: Йоуни Валиярви, Яакко Скантси, Элина Харью, Лина Бенетте, Қарағанды облысы білім басқармасының басшысының кеңесшісі Сәбит Қонтаев, ҚазҰПУ ректоры Гаухар Алдамбергенова, «EDTECH-KZ» ХББО «KASIP» жобасының жетекшісі Сабина Яхьярова баяндама жасады.
Такир Балықбаев өз баяндамасында Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі заман талабына сай бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау мәселелері туралы толығырақ айтып берді: «Педагогикалық білімді дамыту үшін болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындық мазмұнын өзгерту қажет. Бұл бағыттағы үлкен өзгерістер қазірдің өзінде жүріп жатыр. ҚазҰПУ оқытушылары Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектеп пәндерінің жаңа мазмұны бойынша біліктілігін арттырудан өтуде. 2018 жылы 32 мұғалім біліктілігін арттырды. 2018 жылдың желтоқсан айында бітіруші курстардың 455 студенті жаңа білім мазмұнын енгізу әдістемесіне үйренді. Сәуір айында мектеп пәндерінің жаңартылған мазмұны бойынша профессор-оқытушылар құрамына мектептерде тәжірибе ұйымдастырылады. Мемлекет қоғамдағы педагогтардың ерекше мәртебесін мойындайды және жоғары сапалы кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жағдай жасауды көздейді. Бұл үшін жалақыны көтеру, мұғалімнің құқықтары мен міндеттерінен басқа, мұғалімнің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, кәсіби этиканы сақтау, төзімділік, адамгершілік қасиеттер туралы арнайы баптар енгізілген «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын әзірлеу және қабылдау аса маңызды. Білім беру мәселелерін талқылау кезінде мектеп директорлары практикаға 3-4 курс студенттерін қабылдауға ниет білдірді. «Білім беру Альянсының» шешімі бойынша педагогикалық жоғары оқу орындары мен білім беру басқармалары KASIP TECT кәсіби диагностикасын қолдану арқылы педагог мамандығына бейімділігі бар 9-сынып оқушыларының санынан анықтауға тиіс. Мектеп бітірушілерді жоғары оқу орындарына аймақтық білім беру органдарының өтініші бойынша төлемсіз немесе бюджеттен тыс негізде - демеушілер арқылы жіберуі мүмкін. Бұл қадамдар мұғалім ретінде жұмыс жасауға бейім дарынды жастарды таңдауға мүмкіндік береді».
Ғани Бейсембаев жиналысқа қатысушыларды бірауыздан қабылданған және мақұлданған «Білім беру Альянсы» әзірлеген «2021 жылға арналған Педагогикалық кадрларды даярлау жол картасы» бағдарламасымен таныстырды.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |