қазақша · русский · english
 
 
 
 Рүстем Кәмшат Молданқызы
Кафедра меңгерушісі
PhD
Жамбыл көшесі 25
 87075153146
kamshat_rustem@mail.ru

 

Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасы өзінің тарихи негізін 1938 ж. «Жалпы тарих кафедрасы» атауымен құрылған кезеңнен бастау алады. 2018 жылы Әлем тарихы кафедрасы Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасымен біріктіріліп, бүгінгі таңда өзінің ғылыми бағытын халықаралық аренадағы аймақ елдерінің тарихын, дүниежүзілік тарих сахнасындағы тарихи көзқарастарды саралау, тарихты оқыту әдістемесі салаларын зерделеу бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

 

2021/2022 оқу жылынан бастап кафедраның меңгерушісі қызметіне PhD Рүстем Кәмшат Молданқызы тағайындалды. Қазіргі уақытта кафедрамызда жұмыс атқарып отырған профессор-оқытушылар: т.ғ.д., профессорлар К.А. Сутеева, М.К. Тулекова, пед.ғ.д., проф. Б.К. Абдугулова, т.ғ.д., доцент А.Ш. Махаева, т.ғ.к., университет профессорлары Б.С. Жумагулов, Ж. Нұрманбетқызы, т.ғ.д., аға оқытушы Ж.Е. Сманкулова, т.ғ.к., доцент Е.Т. Калиева, пед.ғ.к., доценттер Г.Т. Джайнакбаева, А.Е. Дайрабаева, т.ғ.к., аға оқытушылар Г.М. Жусанбаева, М.М. Муратказин, А.К. Шорманова, магистр, аға оқытушылар Г.М. Көккозова, М.С. Қасымов, А.С. Кенжебекова, магистр оқытушылар М.Д. Жақауов, Д.Ж. Мамырбаев, К.Т. Таспулатова, Е.Т. Нұрмұхан, Р.У. Сейтқазиев, С.Т. Туленбергенова, А.А. Курманбек, А.Э. Сбанбаева.

 

Кафедраның білім беру бағдарламалары


«Әлем тарихы» кафедрасы қоғам талабына сай педагог маман-кадрларды даярлауда бакалавр, магистратура, PhD докторантура бойынша төмендегідей білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда:

- 5В020300-Тарих, 5В013000-Тарих-Дінтану, 5В050500-Аймақтану, 6B02202-Тарих, 6B02209-Тарих-география, 6В03105-Аймақтану, 6В02208- Тарих, құқық және экономика негіздері, 6В02211-Тарих-құқықтанушы, 6B02202-Тарих-география, 6B01602-Тарих-дінтану;

- 7М022202-Тарих, 7М01601-Тарих, 7M01605-Тарих, 7M01603-Тарих;

- 8D022202-Тарих, 8D01601-Тарих, 8D03110-Аймақтану;

- 6B02202-Тарих-география, 6B01602-Тарих-дінтану 3-жылдық (колледжден кейін білім беру);

- 6B02202-Тарих-география, 6B01602-Тарих-дінтану 2-жылдық (екінші жоғары білім).

 

Оқытушылар құрамы

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Әлем тарихының теориялық-методологиялық, тарихнамалық және уақыт талабына сәйкес тарихты оқыту әдістемесінің негізгі мәселелерін қамтитын арнайы курстардан дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді: Ежелгі Шығыс тарихы, Ежелгі Шығыс және антикалық тарихы, Орта ғасыр тарихы, халықаралық қатынастар тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Әлем діндердің тарихы, Дін социологиясы, Таяу Шығыс аймағы: тарихы және қазіргі заман, Мұрағаттану және Құжаттану, Мұражайтану негіздері, Әлемдік діндер тарихы, Қазіргі діни қозғалыстар мен сенімдер, Тарихты оқыту әдістемесі, Тарихи информатика, Тарих пен дінтануды оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері, Тарих және дінтану сабақтарындағы интернет технологиясы және оларды практикалық қолдану, Тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар және т.б

 

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы аталған курстар бойынша тұрақты түрде өздерінің кәсіби біліктіліктерін дамыту үшін алыс және жақын шетелдік мамандардың ғылыми-әдістемелік семинар-тренингтеріне қатысып, білім беру жүйесіндегі инновациялық технологияларды сабақ беру барысында қолданып отырады.

 

Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына да жетекшілік жасап, түрлі университет аралық байқауларға және Республикалық пәндік олимпиадаларға студенттерді дайындап, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Сондай-ақ, «Дарын» РҒПО өткізетін оқушылар арасындағы байқауларда әділ қазылар алқасының мүшелері болып табылады.

 

Академиялық ұтқырлық

 

Әлем тарихы кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Кафедраның 2-3 курсында оқитын магистранттары мен докторанттары ГДР, РФ, Чех, Польша, Түркия республикаларындағы жетекші университеттерің профессорларынан дәріс тыңдап, ғылыми кеңестер алып отырады.

 

Кафедрамызда маманданатын 2-3 курс PhD докторанттарына белгілі шетел ғалымдары: PhD, профессор Ахмет Ташағыл (Еде Тепе университеті, Ыстамбұл, Түркия), PhD, профессор Югель Гелишли (Анкара университеті, Түркия), PhD Айгун Аттар (Гази университеті, Түркия), профессор Қоңыралып Ерсалим (Анкара университеті, Түркия), профессор Рейнхард Хессе (Гейдельберг университеті, ГДР) ғылыми кеңесші болып бекітілген.

 

Кафедраның әдіскер профессор-оқытушылары Алматы қаласы мен Алматы облысының аудандарында орналасқан жалпы білім беретін мектептермен «Мектеп және жоғарғы оқу орындары арасындағы Ынтымақтастық туралы Меморандум негізінде» тығыз байланыс жасайды.

 

Еліміздің ертеңі білімді жастар қолында екені белгілі, осы орайда кафедра ұжымы жоғары білімді мамандар даярлауға өз үлесін қосуда.