қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.06.2024

«Бастауыш білім беру» кафедрасының кеңейтілген талқылауы өтеді

 

2024 жылдың 20 маусымында сағат 10:00-де «6D010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Арынова Гүлжанар Ғабитқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Қазақ тілі сабақтарында оқу диалогы арқылы оқушылардың әлеуметтік интеллектісін дамыту» диссертациялық жұмысы Педагогика және психология факультетінің «Бастауыш білім беру» кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады.

 

Кафедраның кеңейтілген отырысы оффлайн және онлайн форматта өтеді.

 

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақ тілі.

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Уайсова Гүлнар Инаматқызы- педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы, Қазақстан);

Айхан Урал - PhD, Гази университетінің профессоры (Түркия, Анкара).

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Амирова Амина Слямхановна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы, Қазақстан);

Омарова Гүлнар Жолдасқызы - PhD, аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы, Қазақстан);

Искакова Ляйля Маратовна - PhD, ассистент профессор, SDU университеті (Алматы, Қазақстан);

Фейзулдаева Салтанат Арасатовна - PhD, аға оқытушы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Талдықорған, Қазақстан).

 
ZOOM: https://zoom.us/j/91648788074?pwd=ReSypk543slaPS62cvlGciGPwrhB7x.1

 

Идентификатор конференции: 916 4878 8074

 

Код: 151903

 

Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі, 31, аудитория 13.