қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.06.2024

«Педагогика және психология» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді

 

2024 жылдың 21 маусымында сағат 12:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті педагогика және психология кафедрасының кеңейтілген отырысында Рапикова Сандугаш Ануарбековнаның «6D010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін жазған «Болашақ педагог-психологтардың психодиагностикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға дайындығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысын талқылау өтеді.

 

Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн форматта өткізіледі.

Диссертация «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

Қорғау тілі - қазақ тілі.

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Көшербаева Айгерим Нуралиевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Ayhan Ural - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Гази университеті (Анкара қ., Түркия).

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Садыкова Назира Маргушовна - психология ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Абильмажинова Орынгуль Слямбековна - PhD, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).


Zoom https://zoom.us/j/99716381015?pwd=BObQctsNgWBvxCa5jtbsut2t1O8cO2.1

 

Конференция идентификаторы: 997 1638 1015

 

Код: 178571

 

Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Достық даңғ., 13, бас ғимарат (3-қабат, 320-кабинет).