Абай атындағы ҚазҰПУ-де инклюзивті білім беру бойынша вебинарлар циклі
«BR18574162 Арнайы педагогтарды инклюзивті бағдарланған даярлау» ғылыми бағдарламасының жұмыс жоспарына сәйкес 8 Қазақстандық ЖОО-нан келген зерттеушілер тобы Абай атындағы ҚазҰПУ базасында вебинарлар сериясын өткізеді. Барлық мүдделі тұлғаларды осы сериядағы үшінші және төртінші вебинарларға шақырамыз.
Үшінші вебинардың тақырыбы: «Мамандық картасы: инклюзивті білім берудегі арнайы педагог» 2024 жылдың 14 маусымында онлайн режимінде ZOOM арқылы сағат 13.00 - де. Баяндамашы-PhD, М.Қозыбаев атындағы СҚУ доценті Б. А. Дүйсенбаева. Осы вебинарда спикер инклюзивті білім берудегі арнайы педагогтың кәсіби стандартын әзірлеу тәжірибесімен бөліседі.
Конференцияның идентификаторы: 965 302 5473, кіру коды: 1972
Төртінші вебинардың тақырыбы: «Арнайы педагогтың кәсіби құзыреттілігі» 2024 жылғы 14 маусымда онлайн режимінде, ZOOM арқылы сағат 13.30-да өтеді. Баяндамашы-PhD доктор, ҚазҰлтҚызПУ аға оқытушысы А. А. Қабдырова.
Конференция идентификаторы: 965 302 5473, кіру коды: 1972
Вебинарларға қатысуға арнайы педагогтарды даярлауды іске асыратын жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.