Негізгі бет /
Хабарландыру
12.06.2024
«Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді 2024 жылдың 24 маусымында сағат 15.00-де Филология факультетінің «Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі» кафедрасының кеңейтілген отырысында Муса-Ахунов Акрам Абдул-Махмудовұлының «6D021300 - Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алуға арналған «Лингвомәдени бірліктердің прагматикалық аспектісі (қазақ және дүнген тілдері материалдары негізінде)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.
Отырыс офлайн және онлайн форматта өтеді. Диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ-да орындалды. Қорғау тілі - Қазақ тілі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Есенова Қалбике Өмірбайқызы - филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан); Зухал Өлмез - доктор, профессор, Йылдыз техникалық университеті (Стамбул, Түркия).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Мусатаева Манаткуль Шаяхметовна - филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан); Қобланова Айман Жылқыбайқызы - филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан); Жиренов Саян Аманжолұлы - филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан).
ZOOM https://zoom.us/j/97422487046?pwd=6CAeWCU8NyyXJyLbsoAU5GvQsHnPA1.1 ID: 974 2248 7046 Код: 034015
Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Достық даңғылы, 13. Бас оқу ғимараты (4 қабат, 412 кабинет). |