қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
21.06.2024

«Науаи мен Абай: жалпыадамзаттық құндылықтар сабақтастығы» халықаралық форумы


Өтетін күні мен уақыты: 2024 жылдың 27 маусымы, сағат 09:00.


Өтетін орны: Достық, 13

 

2024 жылдың 27 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Науаи мен Абай: жалпыадамзаттық құндылықтар сабақтастығы» тақырыбында халықаралық форум өтеді.


Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының достығы - шынайы тату көршілік пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісі. Ежелден сенімді одақтас әрі маңызды әріптес болып табылатын екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты дамыту мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру, ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайту бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру - білім мекемелерінің басты міндеттерінің бірі.


Елімізде тұңғыш ашылған жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тікелей бастамасымен ұйымдастырылып отырған халықаралық форумның негізгі мақсаты - Науаи мен Абайдың бай мұрасы арқылы қазіргі қоғам дамуының рухани, тарихи және философиялық негіздерін насихаттау, ұлы ойшылдардың мұрасын зерттейтін әлемнің жетекші ғалымдары арасында диалог пен ынтымақтастық үшін жаңа алаң құру болып табылады.


Форум аясында:


- Оқытушылар мен студенттер арасындағы Навои шығармашылығына арналған пленэр;
- «Алматы қаласындағы студент жастардың шығармашылығындағы шығыс мотивтері» көрмесі;
- Науаи орталығының салтанатты ашылуы;
- Науаи оқулары: «Науаи - әлем тілдерінде» мәнерлеп оқу конкурсы;
- «Әлішер Науаи мұрасы: ғылым, білім және тәрбие синергиясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.


Іс-шараға Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі/Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулдығының, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Өзбекстан Республикасының Ғылым академиясы Ә.Науаи атындағы Өзбек тілі, әдебиеті және фольклоры институты, Ә.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті, Ә.Науаи атындағы Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының өкілдері, «Алматы қаласының Өзбек ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің, әкімдіктің, бұқаралық ақпарат құралдарының, жоғары оқу орындардың өкілдері, танымал ғалымдар, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысады деп күтілуде.


Байланыс деректері: 8 776 888 88 07 Алуа Таңжарықова; 8 778 908 09 20 Римма Абдықадырқызы.