Әлеуметтік -тәрбие қызметі
5В011400 (050114) - Тарих» мамандығы бойынша тәрбие процесін ұйымдастыру стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. «5В011400 (050114) - Тарих» мамандығы бойынша жүргізілетін тәрбие жұмысын талдау барысы құқықтық тәрбие, адамгершілік және басқа мәселелер қамтылған тәрбие жұмысы бойынша жоспарлардың бар екендігін көрсетті. Студенттермен тәрбие жұмысын жүргізу кезінде құқық қорғау орындарының қызметкерлерін қатыстыра отырып, құқықтық тұрғыдан тәрбиелеуге баса назар аударылады. Мамандық бойынша тәрбие жұмысы факульттеттің тәрбие жұмысы жөніндегі құжаттары мен кафедралардағы тәрбие жұмысы жетекшілерінің жоспарлары негізінде жүргізіледі. Тәрбие жұмысына қатысты мәселелер тарих факультеті Ғылыми кеңесінің мәжілістерінде, тәлімгерлер кеңесінде, деканат пен кафедралардың отырыстарында тұрақты түрде талқыланады. Тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері тәрбие жетекшілерінің, тәлімгерлердің, тәлімгерлер кеңесінің төрайымының, кафедралардың, деканат пен тарих факультеті Ғылыми кеңесінің хаттамалары мен есептерінде көрініс тапқан. «5В011400 (050114) - Тарих» мамандығы бойынша 2009-2010, 2010-2011,2011-2012 оқу жылдары ішінде студенттік өзін-өзі басқару жұмысы белсенді әрі тиімді жүргізіліп келеді. 2009 жылдан бастап университет қабырғасында тәлімгерлікке негізделген тәрбие жұмысының жаңа саясаты енгізілген. Ол бойынша әрбір оқытушы-тәлімгерге және техникалық қызметкерге белгілі бір студенттер тұрақты түрде бекітіліп, солар арқылы тәрбие жұмысы жүргізіледі және жүргізіліп келеді. Аталмыш мамандық студенттері кеңінен тартылып және атсалысып жатқан студенттік өзін-өзі басқару жүйесі - студенттік деканат оқу, тәрбие және қоғамдық бағыттарда жұмыс істейді. Мамандықтың көптеген студенттері «Нұр-Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері болып табылады. 2009 жылдан бастап тәрбие жұмысын ұйымдастыру деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының құзырына берілген. Факульттеттің Ғылыми кеңесінде тәрбие жұмысы және қоғамдық-саяси, мәдени іс-шараларды өткізудің жоспарлық мәселелері қаралап, талқыланады. Тәлімгерлер өзіне бекітілген студенттермен айына бір рет «тәрбие сағатын» өткізеді. Онда студенттердің сабақ үлгерімі мен сабаққа қатысуы, тұрмыстық және басқа да мәселелері, тәрбие сұрақтары қарастырылады. 2009-2010, 2010-2011,2011-2012 оқу жылында «5В011400 (050114) - Тарих» мамандығы бойынша студент тұлғасының қызметтің әртүрлі саласында көрініс табуы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Оқу және қоғамдық жұмыс: осы мамандықтың үздік студенттері және топ старосталары өзіндік құрылымы, құқықтары мен міндеттері жасалып-бекітілген факульттеттің студентттік деканаты құрамына кіреді. Студенттік деканат өз жұмысын оқу деканатымен бірлесе отырып, арнайы жасалған жоспар бойынша жүзеге асырады. Спорттық-сауықтыру шаралары: аталмыш мамандық студенттері университет деңгейіндегі спорттық жарыстарға футбол және волейбол бойынша белсенді түрде қатысады. «5В011400 (050114) - Тарих» мамандығының студенттері факультеттің көркем-өнер үйірмесіне тұрақты қатысады. Олар жыл сайын «Студентке қабылдау», «Жаңа жыл», «Наурыз» және т.б. мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып, өз бағдарламаларын көпшілікке паш етеді. Тәлімгерлердің жұмыс жоспарында мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша пункттер қамтылған: яғни, есірткіге қарсы күрес жөніндегі жұмыс, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, «сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы күрес» туралы ҚР заңын жүзеге асыру, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын талқылау және т.б. СПИД-тің алдын-алу шаралары денсаулық сақтау департаментімен келісіліп, арнайы орталық мамандарының қатысуымен дәрістер, семинарлар мен дөңгелек столдар өткізіледі. Студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызды шарттарының бірі ҚР мемлекеттік рәміздерін оқу болып табылады. Олардың мәні мен мазмұнын, шығу және жасалу тарихы тұрақты талқыланып, көрнекті құралдар ілінген (ҚР мемлекеттік рәміздері бойынша тақта). Сараптауға қарағанда, «5В011400 (050114) - Тарих» мамандығы бойынша тәрбие процесі жас мамандарды тиімді оқытуға көмектесетін ыңғайлы моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға бағытталған.
|