қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
27.06.2024

«BR18574162 Арнайы педагогтарды инклюзивті бағдарланған даярлау» ғылыми бағдарламасы шеңберінде вебинарлар сериясы аяқталуда

 

ПОҚ және барлық мүдделі тұлғалардың назарына!


2024 жылдың 28 маусымында сағат 13.00-де «BR18574162 Арнайы педагогтарды инклюзивті бағдарланған даярлау» БМҚ шеңберінде оқыту вебинарларының сериясынан жетінші вебинар өткізіледі. Онлайн вебинар Абай атындағы ҚазҰПУ базасында өтеді деп жоспарлануда (бағдарламаның жетекшісі PhD Д. Н. Билялов).


Жетінші вебинардың тақырыбы: «Арнайы педагогтарды инклюзивті бағдарланған даярлаудың теориялық моделі». Спикерлер: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің п.ғ.д., профессор К. Ж. Туребаева және Қ.Жұбанов Ақтөбе өңірлік университеті PhD докторы, доцент Д.Ж. Рамазанова.


Вебинарлардың мақсаты - жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беру ортасында жұмысқа бағдарланған арнайы педагогтарды даярлауды жетілдіру мәселелерін жүргізілген ғылыми зерттеу шеңберінде талқылау болып табылады.

 

Конференция идентификаторы: 965 302 5473, кіру коды: 1972