қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2015

«Орыс тілінде сөйлейтіндердің тіл мәдениеті» бағдарламасы бойынша оқыту


2015 жылғы 20-30 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Шетелдіктерге арналған филологиялық пәндер кафедрасы базасында Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының докторы Елена Левландовна Ерохина «Орыс тілінде сөйлейтіндердің тіл мәдениеті» бағдарламасы бойынша дәріс оқуда.
Курстың мақсаты: Әр түрлі қызмет саласында орыс тілінде қарым-қатынас жасайтын кәсіптік қатысушының-коммуникативтік құзырлылығын қалыптастыру және дамыту.
Курстың аяасында төмендегі мәселелер қарастырылады:
Тіл. Сөз. Мәдениет.
Сөз мәдениеті.
Сөздің коммуникативтік сапасы.
Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті.
Оқу курсы Көптілді білім беру институты мен Филология институтының Шетелдіктерге арналған филологиялық пәндер кафедрасының, Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының, Практикалық тілдер кафедрасының оқытушыларына арналған.