қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.08.2024

1 курс студенттерін жатақханаға орналастыру бойынша маңызды ақпарат


Абай атындағы ҚазҰПУ 1 курс студенттерін 2024-2025 оқу жылына арналған жатақханадан орын алу бойынша онлайн-өтініштерін қабылдауды бастады.


Өтініштерді қабылдау 7-25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Жеке куәлік;
2. Тіркеу және тұрғын мекенжайын растайтын анықтама. Құжатты «eGov mobile» қосымшасынан ала аласыз. (Ол үшін «Адреса» батырмасын басып, скриншот жасайсыз);
3. ⁠Қандай да бір әлеуметтік көмекке мұқтаж санатына жататындығын растайтын құжат. (Құжаттарды PDF-форматында бір файлмен жүктей аласыз. Ешқандай жеңілдігіңіз болмаса, жеке куәлікті ғана жүктейсіз).


Құжаттарды қабылдау онлайн жүзеге асады.


Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша Ахуалды орталық өз жұмысын жалғастыруда. Орталық демалыссыз, дүйсенбі-жексенбі күндері таңғы сағат 09:00 мен түнгі 00:00 аралығында жұмыс істейді.

 

Телефоны: 8727 293 88 67.
Мекенжайы: Қазыбек би 30 (спорт кешені).

 

  alt=