қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.08.2024

Абай университеті бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды


«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

1. Өнер факультеті бойынша:
- деканның оқу ісі - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;

- деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына;

 

2. Дене шынықтыру және әскери дайындық факультеті бойынша:

- деканның оқу ісі - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;

- деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына;

 

3. Педагогика және психология факультеті бойынша:

- деканның ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;

 

4. Тарих және құқықтану факультеті бойынша:

- деканның ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;

 

5. Математика, физика және информатика факультеті бойынша:
-деканның ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына;


6. Тарих және құқықтану факультеті бойынша:
- деканның әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына;


7.  Филология факультеті бойынша:
- деканның әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына;


8.  Шетел тілдері кафедрасы бойынша:
- кафедра меңгерушісі лауазымына.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:


Факультет деканының оқу ісі - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына:

Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы), білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.

 

Факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына:

Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе тәрбие жұмысы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.

 

Факультет деканының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымына:


Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы), білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.


Факультет деканының әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына:


Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда немесе тәрбие жұмысы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және білім саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.


Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі лауазымына:


Кафедра меңгеруші лауазымына: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі, білім беру ұйымдарында немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы керек.

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:


1) белгіленген нысанда өтініш (Қосымша 1);

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті фотосуретімен қызметтік тізімі (Қосымша 2);

4) білімі, ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары.

5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 3 жыл ішінде);

7) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жыл ішінде).

8) № 075 нысан бойынша Медициналық анықтама/ немесе санитарлық кітапшасының көшірмесі;

9) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны немесе жасамағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (сотталмағандығы туралы анықтама);

10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (басшы лауазымдар үшін);

11) қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат, сондай-ақ үміткер біліміне, кәсіби деңгейіне және т. б. қатысты қосымша ақпараттарды беруге құқылы.

12) Алдағы 3 жылдағы факультеттің даму бағдарламасының жобасы бойынша презентация (презентация электронды нұсқада ұсынылады, көлемі 5-6 слайдтан аспауы тиіс), (факультет деканы орынбасарлары үшін).

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 2024 жылғы тамыздың 31-не дейін жүргізіледі.

 

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде сканерленген нұсқада hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштаға ұсыну қажет және Алматы қ., Достық даңғылы, 13 (№102 кабинет, 1 қабат) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолма-қол қабылданады.

 

Анықтама телефоны: 8(727) 291-34-35.