қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.08.2024

Құрметті Абай университетінің студенттері!

 

2024 жылдың 2 қыркүйегінде университеттің Бас оқу ғимаратының алдында бірінші курс студенттерін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтетінін хабарлаймыз. Мерекелік шарада эстрада жұлдыздары, құрметті қонақтар мен тосынсыйлар сіздерді күтеді!


Қара шаңырағымыз - Абай университетіне оқуға түскен барша 1 курс студенттерін шақырамыз!


Мекенжайы: Достық 13.


Өтетін уақыты: 09.30.