қазақша · русский · english
 
 
 
Ғылыми кітапхана

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы   республикадағы аса ірі педагогикалық кітапханалардың бірі болып саналады. Ол 1928 жылы оқу орнымен қатар құрылған және оқу мен ғылыми процестерді қажетті әдебиеттермен және ақпараттармен қамтамасыз ететін университет құрылымының жетекші бөлімі. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) Ғылыми кітапханасы - студенттердің, профессор-оқытушылардың және оқу-қосалқы құрамның мәдени және рухани орталығы. Кітапханада ғылымның әр саласы бойынша оқулықтар, монографиялар, көркем әдебиеттердің тамаша үлгілері,  ХVII-ХIХ ғасырларда жарық көрген сирек кездесетін әдебиеттер жинақталған.

1997 жылдан бастап гуманитарлық саладағы жоғары және арнаулы орта білім беретін ұйымдар кітапханаларының облыстық әдістемелік орталығы болып табылады. Әдістемелік орталыққа қарасты кітапханалармен ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.  

Ғылыми кітапханаың кітап қоры 1805849 дана, оның ішінде оқу әдебиеттері - 1 344309 дана, ғылыми әдебиеттер - 317161 дана, көркем әдебиет - 144379 000 дана. Жылдық кітап беру - 2 миллиона дана.  Ғылыми кітапхана 400 атаудан артық мерзімді басылымдарды алады.

Ғылыми кітапхана 9 құрылымдық бөлімнен тұрады: жинақтау, каталогтау, кітап сақтау, оқырмандарға қызмет көрсету, ғылыми-әдістемелік, кітапханалық процестерді компьютерлендіру, анықтама-библиографиялық, кітапхана филиалы, оқу залдары бөлімі. Оқырмандарға 12 кітап беру пункттерінде: 3 абонементте және 9 оқу залында саралай қызмет көрсетіледі. Кітапхана қоры көркем әдебиеттерге аса бай, 4 мыңнан астам сирек кездесетін және бағалы кітаптар жинақталған. Компьютерлендіру бөлімі заманауи компьютерлік техникамен және көшірме аппараттарымен жабдықталған. 1999 жылдан бастап электронды каталог жасалып келеді, қазіргі кезде электронды каталогтың мәліметтер қорында 66000-нан артық жазу бар, сонымен қатар кітапхананың бұрынғы кітап қорын электронды каталогка енгізу ісі (ретроконверсия) жалғастырылуда.

Оқырмандарға жекелей толық мәтінді мәліметтер қоры бар электронды каталог ұсынылуда. Бұл толық мәтінді мәліметтер қоры оқулықтар мен оқу құралдарынан, білімге қажетті оқу-әдістемелік кешендерден (БҚОӘК), авторефераттар және диссертациялардан, мерзімді басылымдардағы мақалалардан тұрады. Сонымен қатар дербес компьютерлерде электронды кітапхананың ядросы болып саналатын біздің унверситет оқытушыларының оқу басылымдары орналастырылған. Ғылыми кітапхана оқырмандары Internet жаһандық ақпараттық желісін және ҚР заң актілерінің ақпараттық банкі «Параграфты» мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалана алады. Кітапхана пайдаланушылары сыртқы электронды ресурстарды: Қазақ Құлттық электронды кітапханасы, Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана, Томпсон, Шпрингер толық мәтінді мәліметтер қорын, Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялық мәліметтер қорын пайдалана алады. Кітапхана жайлы мәліметтер Internet желісінде ұсынылған, өзінің веб-сайты бар.

Кітапханаға келіп түскен әдебиеттерді насихаттау мақсатында арнайы көрмелер ұйымдастырылады. Кітапхана университеттің ғылыми-қызметкерлерінің еңбектерін насихаттауға байланысты жұмыстар жүргізуде.

ҚазҰПУ-і ғылыми кітапханасы - бұл заманауи ақпараттық орталық, 84 жылда жиналған әдебиеттердің керемет қоры, жұмыс істеу қабілеті жоғары 46 жоғары кәсіби маманнан тұратын, ұйымшыл ұжым.