қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.04.2015

Дүниежүзі диаспораларының мәселелері туралы дәріс

 

Қазіргі жаһандану заманында, көпұлтты қоғам дамуы жағдайларында мемлекеттік этно- саясатқа аса зор мән беріліп отырғаны жұртшылыққа мәлім. Осындай саясат үдерісінде әр елдегі ұлттық диаспоралар мәселелері маңызды орын алады. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық модель-үлгісін дамыту ісінен еліміздің жоғары оқу орындары да тыс қалмасы анық.
Үстіміздегі жылдың сәуір айының екінші жартысында осы мақсат шеңберінде Корея азаматы, көрнекті ғалым,саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Ли Чи Ван мырза «Әлемдегі диаспоралар және олардың өзекті мәселелері» тақырыбында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде дәрістер циклын оқыды.
Университет басшылығы, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы (меңгерушісі -Р.Б.Әбсаттаров), Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультеті (деканы -Б.С.Жұмағұлов) ұйымдастырған бұл маңызды іс-шараға белгілі ғалымдар, университет басшылығының, құрылымдық бөлімдердің өкілдері және жас ғалымдар, студенттер қатысты.
Дәріс алдында профессор Әбсаттаров Раушанбек шетелдік қонақтарды жиналғандарға таныстырып өтті. Университеттің Бірінші проректоры М.Е.Ермағанбетов Ли Чи Ван мырза мен басқа да меймандарға жылы лебіз білдіріп, өткізілетін шараның маңыздылығына, бұл тарапта жалпы елімізде, оқу орнында атқарылып жатқан істердің ауқымына кеңінен тоқталды.
Дүние жүзі диаспоралары қауымдастығының мақсаттары, қызметі жайлы толық мағлұмат алып, әлемдегі әр елдің құрамында өмір сүріп жатқан диаспораларды және бейбіт келісім мен тұрақтылықты көксейтін жұртшылықты толғандыратын мәселелерден, оларды шешу жолдарын хабардар болған дәріс тыңдармандары Ли Чи Ван мырзаға ыстық ықыласты алғыс сезімін білдірді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
Баспасөз орталығы.