қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.09.2024

«Оқылым мен жазылым процестерін деңгейлік оқыту әдістемесі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы


2024 жылдың 23 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті және «Латын» ғылыми-практикалық зертханасының ұйымдастыруымен «Оқылым мен жазылым процестерін деңгейлік оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Республикалық конференция ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Деңгейлік парадигмалар әдіснамасы: оқылым мен жазылым» атты гранттық жобасы (№АР14869424) негізінде ұйымдастырылмақ.

 

Өтетін күні мен уақыты: 23 қазан 2024 жыл, сағат 11.00.

 

Мекенжай: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы,13. Филология факультетінің қазақ тілі теориясы және оны оқыту әдістемесі кафедрасы, 423-кабинет; «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы, Жамбыл көшесі, 25.

 

Жауапты тұлғалар:

 

Қоқанова Жарқынай Атайқызы, тел. +7707 8272785

Иманқұлова Меруерт Амантайқызы, тел. +77079291058

Қырықбаев Алмас Бағдатұлы, тел. +77753698209

 

Баяндама мәтіні жіберілетін эл. почта: zharka75@mail.ru