қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.09.2024

Студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада өтеді

 

2024 жылдың 17-18 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география факультеті Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «В014 - География педагогтерін даярлау» және «В052 - Жер туралы ғылым» бағыты бойынша бойынша оқитын студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада өткізеді. Пәндік олимпиада дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтап, қолдау және тұлғалық интеллектуалдық капиталын қалыптастыруға ықпал етеді. Жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатысуын ынталандырады.

 

Олимпиада ережелерін келесі сілтемелерден жүктеп алуға болады:

 

«В014 - География педагогтерін даярлау» бағыты бойынша Ереже

 

«В052 - Жер туралы ғылым» бағыты бойынша Ереже