қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.03.2019

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі «Ашық есік күні»

 

Ақпан айының соңында, Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтының профессор-оқытушылары, студенттері, магистранттары қатыстқан болашақ мамандар үшін ашық есік күні өтті.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың бұл шарасы мемлекеттік органдар мен жас мамандар арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Дуальды білім беруді дамыту шеңберінде Агенттік қызметкерлері «Халықаралық құқық» мамандығының студенттеріне шеберлік сыныбын өткізді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен жарияланған Жастар жылы барысында болашақ мамандар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» қызметінің негізгі бағыттары туралы терең ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды, сол арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу үрдісі күшейтілді.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институты университет ректоры Такир Балықбаевтың ұжымға жүктеген барлық тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.


Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін елеулі мотивация да бар: Ол жұмыстың беделін арттыру, жалақыны көтеру және мансаптық перспективалар. Біліктілік байқауы ашық өткізіледі.


Сорбонна Қазақстан Институтының магистранты Маржан Орумбаева мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарын лауазымға үміткерлердің ұсынысы туралы толық ақпарат ұсынылғанын атап өтті, бұл болашақ мамандар үшін өте маңызды».