қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.09.2024

Aбай университетінде «Автокөліксіз күн» акциясы өтеді

 

Абай университетінің қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар!

 

Жыл сайын 22 қыркүйекте «Дүниежүзілік көліксіз жүру күні» акциясы аталып өтеді. Акцияның мақсаты - ТДМ принциптеріне адалдықты көрсету және World Carfree Day халықаралық бастамасын қолдау, сонымен қатар экологиялық таза көлік түрлерін насихаттау, қоғамдық көлікті пайдаланудың экологиялық пайдасын, жаяу және велосипедпен жүрудің денсаулыққа тигізетін әсерін түсіндіру.

 

Осы орайда, «Дүниежүзілік көліксіз күн - World Car Free Day» 1 күндік акциясы Абай атындағы ҚазҰПУ-да 23-ші қыркүйекте, дүйсенбі күні өтетінін хабарлаймыз. Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес бере отырып, Сіздерді аталмыш акцияға белсене қатысуға шақырады. 

 

Абай университеті мен қаламызды таза әрі қауіпсіз етейік! Біздің қатарымызға қосылыңыздар және планетамызды қорғауға өз үлестеріңізді қосыңыздар!

 

            Стратегия Департаменті