қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.09.2024

Абай университеті студенттері үшін оқу ақысына жеңілдіктер

 

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерін әлеуметтік қолдау мақсатында 2024-2025 оқу жылында ақылы негізде оқитын білім алушылар үшін оқу ақысына 10% - дан 100% - ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Әлеуметтік көмекке мұқтаж университет студенттері жеңілдіктер беру ережелеріне сәйкес 2024 жылдың 20-30 қыркүйегі аралығында оқу ақысына жеңілдік алу үшін өтінім бере алады.

 

Жеңілдіктерге қатысты сұрақтар бойынша факультет деканының орынбасарларына және әлеуметтік бөлімге хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: Қазыбек би, 30/1, Абай студенттер орталығы, тел.: 87005868209, 87053930095.