қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.03.2019

«Жоғарғы оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін дамыту»

 

6-7 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жоғарғы оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін дамыту» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

 

Іс-шара Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық офисі, Еуропалық Комиссияның Білім беру, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, Қазақстан, Қырғызстан, Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасболатова, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің 40-тан астам жоғары оқу орындары және басқа да ұйымдарының топ-менеджерлері мен сарапшылары, университеттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары қатысты.

 

Ректор Такир Балықбаев семинардың білім беру сапасының жүйесін әзірлеу мен іске асыру тәжірибесін, оның ішінде білім беру ұйымының саясаты мен міндеттерін әзірлеу және іске асыру, ұйымдастыру-педагогикалық басқару шарттарын құру үшін тәжірибе алмасу маңызды екенін атап өтті.


Семинар барысында негізгі спикерлер: сапа кепілдігі бойынша халықаралық сарапшы Люсьен Боллаерт (Lucien Bollaert) және Еуропалық университеттер қауымдастығының Институционалдық даму департаментінің директоры Тиа Луколла (Tia Loukkola), Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасболатова және т.б. сарапшылар баяндама жасады.

 

Семинар аясында Еуропалық жоғары оқу орындарындағы сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін құрудың принциптері, тәсілдері мен озық тәжірибелері және Орталық Азия университеттерінде сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу талқыланды. Сарапшылар бірнеше ұсыныс ұсынды.


Іс-шара соңында семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім