қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.10.2024

«Менің мамандығым - педагог» IX Халықаралық эссе конкурсы


Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің бастауыш білім беру кафедрасы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері арасында «Менің мамандығым - педагог» IX Халықаралық студенттік эссе конкурсын өткізетінін хабарлайды.

 

Конкурстың мақсаты: педагогикалық білімді насихаттау, студенттердің кәсіби қабілеттері мен дайындық сапасын анықтау, олардың дарындылығын ашу, кәсіби, педагогикалық және шығармашылық әлеуетіне жағдай жасау.

 

Конкурс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

 

Конкурс жұмыстары (эссе) 2024 жылдың 25 қазанына дейін  abai.univver@mail.ru поштасына жіберілуі қажет.

 

Электрондық хаттың «тақырып» бөлімінде: «Конкурсқа эссе» және құжаттың атауына «Эссе_аты-жөні_ЖОО_бағдарлама бағыты» жазылады.

 

Ақпараттық хатқа сілтеме