Ғылыми- зерттеу қызметі
2012/2013 оқу жылында кафедра ПОҚ қатысуымен 5 монография, 4 оқулық, 8 оқу-әдістемелік құрал шығарылған. Сонымен қатар, оқытушылардың ғылыми мақалаларының 8-і алыс және жақын шетелдерде, 99-ы ҚР басылымдарында жарық көрген. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы қазіргі заманғы саясаттану, әлеуметтану, философия, құқық, экономика салаларының өзекті жаһандық проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ғылыми-зерттеу іс-шараларының түрлері мен формалары әртүрлі. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы жалпы кафедралық «Духовно-нравственное воспитание учащихся в контексте инновационно-образовательных процессах Республики Казахстан» бағытында жүргізіледі. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ғылыми-зерттеу шараларының ерекшелігі бірнеше ғылыми бағыттарды синтездеу болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары 2012 жылдың желтоқсан айында кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен жыл сайынғы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың саясаттану және әлеуметтану, философия, экономикалық теория секциялары бойынша студенттердің ғылыми конференциясы өткізіліп, онда Қазақстан қоғамының дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Конференцияның нәтижесі бойынша Шакен М. «ҚР президенттік билік бастаулары» (Ғылыми жетекшісі: с.ғ.д., проф. Г.Р.Нұрымбетова), Әлимуса Т. «Девиантты мінез-құлық және оның себептері» (Ғылыми жетекшісі: ә.ғ.к., аға оқытушы Н.И.Ләпбаева); Нұрмаханова Қ. «Әйел және отбасы» (Ғылыми жетекшісі: с.ғ.к., аға оқытушы А.Абдықалық); Шарипова А. «Социализация личности в условиях глобализации» (Ғылыми жетекшісі: с.ғ.к., аға оқытушы Э.Р.Акпаева); Арипова Л «Қазақстан Республикасы телекоммуникация нарығының қалыптасуы мен дамуы» (Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., аға оқытушы Қ.Шадиев); Калиметденова Б. «Казіргі Казақстан жастарынын саяси әлеуметтік белсенділігі» (Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Б.З.Иманмолдаева) жетекшілігімен дайындалған студенттерің ғылыми жұмыстары жоғары бағаланып, әр түрлі деңгейлердегі марапатарға ие болды. Жүлделі орындарға ие болған студенттердің ғылыми жұмыстары жоғары оқу орындарының арасындағы және Республикалық конференцияларға ұсынылды.
|