Негізгі бет /
Хабарландыру
15.10.2024 Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) сыртқы сараптама комиссиясының келуі 2024 жылдың 21-22 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың сегіз білім беру бағдарламасы халықаралық мамандандырылған аккредитациялау рәсімінен өтеді. Осы процесс аясында төмендегі бағдарламалар бағаланады:
- «6B03111-Практикалық психологтарды даярлау»; - «6B01901-Арнайы педагогика (IP)»; - «7М03118-Денсаулық психологиясы және психотерапия негіздері»; - «7М01908-Арнайы педагогика: аутистикалық спектр бұзылыстары бар балаларды қолдау (IP)»; - «8D01101-Педагогика және психология»; - «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»; - «8D01301-Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі»; - «8D01901-Арнайы педагогика».
IQAA тәуелсіз агенттігі өткізетін аккредитация біздің білім беру бағдарламаларымыздың сапасын және заманауи стандарттарға сәйкестігін терең бағалауға бағытталған. Бұл маңызды процесте қатысуымыз мамандар даярлау деңгейін көтеруге, сондай-ақ университеттегі білім беру үдерістерін одан әрі жетілдіруге серпін беретін болады.
Барша қатысушыларға нәтижелі жұмыс пен шығармашылық табыстар тілейміз!
Институционалдық тиімділік кеңсесі
|