қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.10.2024

Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы (PGCE)


Кадрларды қайта даярлау бағдарламалары - кәсіптік қызметтің жаңа түрін орындау үшін қажетті ғылымның, техника мен технологияның жекелеген пәндерін, бөлімдерін зерделеуді көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша қосымша білімді, іскерлікті және дағдыларды игеруге бағытталған.

 

Курстарды педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар үшін жоғары оқу орны жүргізеді.

 

Педагогикалық қайта даярлау курсының білім беру бағдарламаларының тізбесі (PGCE)


1. «6В01101 - Педагогика және психология»

2. «6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

3. «6В01302 - Бастауыш білім»

4. «6В01402 - Музыкалық білім»

5. «6В0l 4l6 - Көркем білім»

6. «6В01420 - Еңбек және кәсіпкерлік негіздері»

7. «6В01401 - Бастапқы әскери дайындық»

8. «6В01404 - Дене шынықтыру және спорт»

9. «6В01501 - Математика»

10. «6В01502 - Математика-физика»

11. «6В01504 - Физика»

12. «6В01506 - Физика-информатика»

13. «6В01507 - Информатика»

14. «6В01509 - Информатика және робототехника»

15. «6В01510 - Химия»

16. «6В01512 - Химия-биология»

17. «6В01513 - Биология»

18. «6В01515 - География»

19. «6В0l 601 - Тарих»

20. «6В0l 701 - Қазақ тілі мен әдебиеті»

21. «6В01702 - Орыс тілі мен әдебиеті»

22. «6В0l 703 - Шет тілі: екі шет тілі»

23. «6В01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»

24. «6В01901 - Арнайы педагогика: Сурдопедагогика»

25. «6В01902 - Арнайы педагогика: Логопедия»

26. «6В01903 - Арнайы педагогика: Олигофренопедагогика»

27. «6В01 904 - Арнайы педагогика: Тифлопедагогика»

 

Оқу бағдарламасының ұзақтығы 7 ай

 

Бағдарлама тек мамандардың қажеттіліктеріне және педагогикалық дағдылардың қарқынды тәжірибесіне бағытталған.

Сабақтар ҚБТ (қашықтықтан білім беру технологиялары) қолдану арқылы өткізіледі.

Педагогикалық қайта даярлау курстарын аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға өткен пәндерді көрсете отырып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өз үлгісіндегі сертификаты беріледі.

Оқу құны 413 760 теңгені құрайды.

Кредиттер саны - 60 ECTS (1800 академиялық сағат).

 

Құжаттар 2024 жылғы 01 қазаннан 15 қарашаға дейін төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 205.

Байланыс телефоны: 8 (727) 293-03-87.

 

Қажетті құжаттар:


1.       ЖОО басшысының атына өтініш;

2.       жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3.       білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (диплом қосымшасымен);

4.       өлшемі 3х4 см болатын 6 фотосурет;

5.       075/У нысанындағы медициналық анықтама;

6.       Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар.