қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

 

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасындағы тәрбие жұмысы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес ұйымдастырылған.  

Студенттермен мәдени-тәрбие жұмыстары тікелей сабақ уақытында да, топта, сонымен қатар олардың оқудан бос кездерінде жүргізіледі. Осы тұрғыда патриоттық, оқу, еңбек және мәдени-эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. 

Кафедраның тәрбие жұмысының негізгі компоненттері университеттік білім беру деңгейіндегі шығармашылық, бәсекеге қабілетті, өзін шығармашылық тұрғыда ылғида жетілдіруге талпынатын зиялы тұлғаны қалыптастыруды негізге ала отырып жобаланады және жүзеге асырылады.

Оқу-тәрбие жұмысын тұрақты түрде жүзеге асыру үшін университетте эдвайзерлер институты жұмыс істейді. Оқу жылының барысында эдвайзерлер студенттердің білім беру бағдарламаларын меңгеру үрдісін қолдау мақсатында олармен ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.  

Кафедра оқытушыларының бірінші кезектегі жұмысы студенттердің ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға, олардың азаматтық ұстанымдарын дамытуға, сонымен қатар оларды жан-жақты дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, жоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған. Кафедра оқытушылары саясаттану және әлеуметтану, философия, мәдениеттану, дінтану,  құқық негіздері, экономикалық теория курстарын оқыту процесінде тәрбиелік мақсаттағы оқу материалдарын пайдаланады. Қазіргі қоғам дамуына байланысты мәселелерді талдауда кафедра оқытушылары Қазақстанның дамуының өзекті мәселелерін көтереді.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бекітілген тәрбие жоспары университеттің және факультеттің тәрбие жоспарының негізінде жасалған. Оған: ұйымдастыру, патриоттық, мәдени, спорттық, адамгершілік-эстетикалық тәрбие, экологиялық, салауатты өмір салтын ұйымдастыру, СПИД-тің, нашақорлықтың және шылым шегудің алдын алу, мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыстар, діни және ұлттық тәрбие, әр түрлі құқық бұзушылықпен, сыбайлас- жемқорлықпен күрес, сонымен қатар, оқу және еңбек мәдениеті тәрбиесі бағыттары енгізілген. Сонымен қатар, студенттердің ата- аналарымен де байланыстар жолға қойылған.

Оқу және әлеуметтік-тәрбие үдерісінде, студенттердің білім алудың жеке стратегиясын қалыптастыруда эдвайзерлер маңызды рөл атқарады. Эдвайзердің құқықтары мен міндеттері университеттің «Эдвайзер туралы ережесімен» анықталады.  

Эдвайзерлер жұмысының негізігі бағыттары жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі көрсету қабілеттерін көрсетуге қолдау көрсету. Эдвайзерлер университет, факультет әкімшілігі және студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады.

Эдвайзердің міндеттері: студенттердің білім алуының жеке траекториясын анықтауға және білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында; оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға қатысады, студентке жеке оқу жоспарын құрастыруға және түзетуге ықпал етеді және көмек көрсетеді.