Негізгі бет /
Хабарландыру
31.10.2024 «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді цифрландыру» тақырыбы бойынша онлайн-ғылыми воркшоптар сериясы Педагогика және психология факультетінің бастауыш білім беру кафедрасы студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және барлық мүдделі мамандарды «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді цифрландыру» тақырыбындағы онлайн-ғылыми воркшоптар сериясына қатысуға шақырады. Іс-шаралар қатысушыларға мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған білім беру процестерінде цифрлық технологияларды қолданудың заманауи тәсілдерін терең зерттеуге мүмкіндік береді.
Онлайн-ғылыми воркшоптар 2024 жылдың 7 қарашасы мен 14 желтоқсан аралығында, сағат 16.00-де (Астана бойынша) әр бейсенбі сайын онлайн-форматта өткізілетін болады.
Спикерлер: 1. Крежевских Ольга Валерьевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Тюмень мемлекеттік университет», психология және балалық шақ педагогикасы кафедрасының доценті. 2. Климина Александра Игоревна, «Шадринск мемлекеттік педагогикалық университет», мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аспиранты, ассистенті.
Модератор: Кариев Адлет Дюсембаевич, педагогика ғылымдарының кандидаты, постдокторант, бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Конференцияға сілтеме:https://zoom.us/j/6838863048?pwd=VGFNQzVtTWhrSWU1MkZGZStwODRUdz09&omn=91994220116 Конференция идентификаторы: 683 886 3048 Кіру коды: 246301
Воркшоп қатысушылары цифрлық оқытудың заманауи тәсілдерін талқылап, тәжірибелерімен бөлісіп, сондай-ақ сарапшылардан ұсыныстарын алады. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған білім беру ортасына цифрлық технологияның соңғы тенденцияларының енгізілуін білу үшін қосылыңыз.
|