Кафедра тынысы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап философия және ғылымдар әдіснамасы, құқық және экономика негіздері, теориялық-қолданбалы саясаттану және әлеуметтану кафедраларының бірігуінің нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарих факультетінде құрылды. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраға саяси ғылымдарының докторы Ә.С. Жақсыбеков жетекшілік етеді. Теориялық-қолданбалы саясаттану және әлеуметтану кафедрасының алғашқы меңгерушісі т.ғ.д., проф. С.З.Нарматов болды, 2008 жылдан бастап 2011 жылға дейін кафедраны с.ғ.д. Ж.Қ.Симтиков басқарды, ал, 2011 жылдың ақпан айынан бастап маусым айына дейін кафедраға с.ғ.д. С.Ш.Мұсатаев, 2011/2012 оқу жылында т.ғ.д., проф. С.Т. Орумбаев жетекшілік етті. Философия және ғылымдар әдіснамасы кафедрасының 1928 жылдан басталған тарихы бар үлкен кафедралардың бірі болған. Аталған кафедраға 1931 жылдан бастап Т.В. Шибин, 1937 жылдан С.Е. Толыбеков, 1939 жылдан В.И. Тимоско, 1956-1972 жж. ф.ғ.д., профессор Н. Сарсенбаев, 1972-1998 жж. ф.ғ.д., профессор К.Ш. Шулембаев, 1998-2001 жж. ф.ғ.д., профессор, Г.Есим, 2001-2011 жж. ф.ғ.д., профессор М. Сабит басшылық жасаған. Құқық және экономика негіздері кафедрасы 2011/2012 оқу жылында з.ғ.к., доцент Е.М.Тлеубергеновтың жетекшілігімен жұмыс жасаған. |