қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.11.2024

Бос жұмыс орны: Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары

 

Бос лауазымның атауы:

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

 

Департамент директорының орынбасарына барлық құрылымдық бөлімшелер: мамандар, әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім, мәдениет және шығармашылық бөлімі, жастар ісі жөніндегі бөлім, психологиялық қолдау қызметі, денсаулық сақтау пункті, «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы бағынады. Департамент директорының орынбасары өз қызметінде басшылыққа: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Ғылым және жоғары білім саласының нормативтік-құқықтық актілерін; «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ жарғысын; Құрылымдық бөлім ережесін; Университет басшылығының бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқауларын; Нормативтік-әдістемелік материалдарын; Лауазымдық нұсқаулықты алады

Негізгі лауазымдық міндеттері:

 

Департаменттің жұмысын уақтылы жоспарлау (жоспарлар жобаларын, жобалар тұжырымдамасын және т.б. дайындау). Әлеуметтік даму жөніндегі проректор және әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директорымен бірлесіп, әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің жылдық жоспарын әзірлейді. Жылдық, маусымдық іс-шараларды ұйымдастыру сапасына жауап береді. Құрылымдық бөлімшелер және факультет декандарымен өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар етіп, студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы медициналық тексеруден уақтылы өтуіне жауап береді. Жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, өкімдерінің, нұсқаулықтары мен нұсқауларының, кеңестердің және ректораттың бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және өткізу мәселелері жөніндегі шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің жұмыс жоспары орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қоғамның тәрбие қызметіне мониторинг ұйымдастырады. Қоғамдағы тәрбие процесін ұйымдастыруда прогрессивті әдістерді әзірлеуге және енгізуге қатысады. Қоғамның әлеуметтік жұмысының жай-күйін талдау, ішкі тәртіп ережелерін сақтау, құжаттарды дайындаудың белгіленген мерзімдерін сақтау, ұжымда қарым-қатынастың этикалық нормаларын сақтау, қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті

Іссапарларға шығу:

Қажетіне қарай іссапар

Білім:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болу

Кәсіби құзыреттер:

 

Есептер, анықтамалар, іскерлік хаттар, бұйрықтардың, өкімдік құжаттардың жобаларын жасау, хаттамалар жүргізуді және байланыс құралдарын, интернет мүмкіндіктерін пайдалануды білу

Тұлғалық құзыреттер мен сапалар:

Ұйымдастырушылық, жауапкершілік, орындаушылық, еңбекқорлық, ұқыптылық, ұжымда жұмыс істеу қабілеті болу

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ, орыс тілдерін меңгеру

 

Компьютерлік дағдылар:

Windows, Excel, Word және т.б. жұмыс істеу

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2024 жылдың 1 қарашасы

17:00 дейін

Байланыс тұлғасы:

Кадр саясаты басқармасы

+7 (727) 291-82-57