қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.08.2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҚ МҰРАЖАЙЫ РМҚК


″ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ МЕН ІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ″
V халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның

АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Қ Ұ Р М Е Т ТІ Ә Р І П Т Е С Т Е Р!

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Ясауи жылы деп жариялауына орай, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» V халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция Түркістан қаласында өтеді.

Өтетін уақыты: 13-14 қазан 2016 жыл
Өтетін орны: Түркістан қаласы
Конференция тақырыбының негізгі бағыттары
1. Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркі Ислам өркениеті (дүниетаным, рухани сабақтастық, мемлекетшілдік мәселелері)
2. Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: оның бүгінгі күнгі өзектілігі (қолжазбатану, тіл білімі, әдебиеттану, тарих, әлеуметтану, саясаттану мәселелері)
3. Мұражайлардың рухани құндылықтарды жаңғыртудағы орны (мұражай ісі, экспозиция, қор сақтау, реставрация мәселелері)
4. Тәуелсіздік және мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктер
5. Археологиялық және этнографиялық экспедициялар материалдары мен жетістіктері


Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері
Конференцияға Республикамыздағы және шетелдердегі тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен ясауитанушылар, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, қорық және тарихи-өлкетану мұражайлары және ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатысады. Конференцияның материалдары жинақ түрінде алдын ала шығарылады.

 

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
161200, ҚР ОҚО, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы 282 А, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы, тел (факс) 8(725-33) 3-23-00, e-mail: azret-sultan @mail.ru, yasauizhyly@mail.ru

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:
1. Көлемі 5-7 беттік компьютер басылымында Times New Roman, 14 кегль, беттің сол жағынан - 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан - 2 см, оң жағынан - 1,5 см, жол арасы - бір интервал.
2. Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автордың аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жазылады.
3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңына араб цифрларымен тік бұрышты жақшаның ішіне алынып [1. 5 б.] ГОСТ бойынша беріледі.
4. Қожа Ахмет Ясауи есімі 2007 жылы 15-16 қарашада өткен Республикалық конференцияның қарарына сәйкес «Я» - әрпімен және бір «с» әрпін қолданып жазылуы тиіс («Иасауи» немесе «Яссауи» емес «Ясауи» болып жазылады).
5. Мақала соңындағы түйін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілуі керек.
6.Ұйымдастыру алқасы сапасыз, қойылған талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды кері қайтаруға құқылы.
Конференцияға қатысу үшін баяндамалар ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2016 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жіберілуі тиіс.
Конференцияға арнайы шақырылған қонақтардың жол-шығындары ұйымдастырушылар есебінен төленеді.

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ

 

Тіркеу қағазы
1. Фамилия
2. Аты
3. Әкесінің аты
4. Ғылыми атағы
5. Мекеме аты (ғылыми мекеме, ЖОО, мекен-жайы т.б.)
6. Автордың мекен-жайы (пошталық индексі міндетті)
7. Е-mail (міндетті)
8. Телефон / факс
9. Баяндаманың атауы /мақала/
10. Қажетті техникалық құралдар
11. Қонақ үйден орын қажеттігі (ия, жоқ)

 


КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ

12.10.2016

Қонақтарды күтіп алу


14.00-16.00 Арыстанбаб кесенесіне зиярат
16.00-18.00 Отырар қаласымен таныстыру
18.00-19.00 Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасау
19.00-21.00 Кешкі ас

13.10.2016

Конференция

09.00-09.30 Тіркеу
09.30-11.00 Пленарлық мәжіліс
11.00-11.30 Кофе-брейк
11.30-13.00 Секциялық мәжіліс
13.00-14.30 Түскі ас
14.30-16.00 Секциялық мәжіліс
16.00-16.30 Кофе-брейк
16.20-18.00 Секция жұмысының жалғасы
18.00-18.30 Қорытынды сөз. Конференцияның жабылу салтанаты
19.00-21.00 Банкет

14.10. 2016

Қонақтарды шығарып салу