қазақша · русский · english
 
 
 

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануды, заманауи оқу үрдісінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын әртүрлі ақпараттық өнімдерді (мәтіндерді, презентацияларды және т.б.) және мультимедиялық технологияларды құруды жүзеге асырады.


Әлем тарихы кафедрасы шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы шетелдік лекциялар, семинарлар, курстар өткізеді. Жақын және алыс шетелдердің басылымдарында ғылыми мақалалар жариялайды.


Сыртқы ғылыми ұйымдардың жетекші шетелдік және отандық зерттеушілерінің дәрістер курсын ұйымдастырады.


Сефа Фуат Вежихи Хекимоглы, Битлис Ерена университетінің PhD докторы, доцент (Турция) Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты Г.Чаргынованың шетелдегі жетекшісі, 2016 жылғы 5-15 желтоқсан аралығында «Осман империясының тарихы және Түркия тарихын зерделеудің жаңа әдістемесі» тақырыбында дәріс оқуға шақырылды.


Түркияның Сиирт университетінің профессоры, PhD докторы Ильяс Эрпай - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты А.Бектасовтың шетелдік кеңесшісі. Сонымен қатар, Фрайбург педагогикалық университетінің профессоры Рейнхард Гессен философия ғылымдарының докторы, тарих және құқық институтының студенттері мен оқытушыларына «Батыс Еуропа тарихын зерттеу әдістемесі» тақырыбында 2016 жылдың 1-ші және 15-ші желтоқсанынан 15-не дейін семинар-тренинг өткізді.


Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей тарихы кафедрасының меңгерушісі, РУДН (РФ) Козменко В.М. 2018 жылдың сәуір-мамыр айларында «Әлем тарихының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.


Битлис университетінің PhD докторы, Наушабаева-Хекимоглу Асем Ерен 2018 жылдың 3-13 қазан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Мемлекеттік саясатта журналистиканың рөлі:«Ulfat газетінің үлгісі» тақырыбында ғылыми дәріс өткізді.

 

Жетекші шетелдік және отандық ғылыми ұйымдармен, университеттермен ынтымақтастық қарым-қатынас:

 

Р/с

ЖОО атауы, мемлекет, қала

1.

Ресей халықтар достығы университеті. Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы

2.

Битлис университеті, Түркия, Битлис, «Шығыс Түркістанның әлеуметтік-экономикалық тарихы (XVII ғ. аяғы - XIX ғ.)»  тақырыбында дәріс

3.

Гази университеті, Түркия, Анкара

4.

Modern education & research institute, Бельгия, Брюссель

5.

Литвадағы эдукологиялық университеті, Литва, Вильнюс.,
Литва университетінде магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өтуі туралы

6.

Фрайбург педагогикалық университеті, Германия, Баден-Вюртемберг,
«Германия мыңжылдықтар бойында. Германияда Қола және темір дәуірі. Германия Рим дәуірінде.» тақырыбындағы дәріс.

7

Сиирт университеті, Түркия, Сиирт

8

Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Қырғызстан, Бішкек

9

Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық Университеті, Өзбекстан, Ташкент

10

Лейден Университеті, Нидерланды, Лейден, «Лейден Университеті докторының дәрістері»