Негізгі бет /
Хабарландыру
15.11.2024 Диссертациялық Кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді 2024 жылдың 27 қарашасында сағат 14.00-де, Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті химия кафедрасында «8D015 - Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау» (6D011200/8D01510 - Химия) және «8D053 - Физикалық және химиялық» (6D060600/8D05301- Химия) бағыттары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық Кеңес жанындағы Ғылыми семинарда, Наурзкулова Сымбат Муратбекқызының «6D060600-Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін жазған «Этанолдың булы айналымы үшін күрделі оксидтерге негізделген Ni-Ru құрамды композиттердің синтезі мен қасиеттері» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысы талқыланады.
Диссертациялық Кеңес жанындағы Ғылыми семинар онлайн және оффлайн форматта өткізіледі. Диссертация М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде орындалды.
Ғылыми кеңесшілер: Масалимова Б.К. - х.ғ.к., қауымдастырылған профессор (КЕ АҚ «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті», Петропавл, Қазақстан) Садыков В.А. - х.ғ.д., профессор ( Г.К. Боресков атындағы Катализ институты, Новосибирск қ., Ресей Федерациясы).
ZOOM: https://us05web.zoom.us/j/81075514887?pwd=aXISfjlZwL2bneJaBvU0WVi12aZcgM.1 ID: 810 7551 4887 Код: 12345 Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би, 30, (7-ші қабат, 716 кабинет).
|