Әлем тарихы кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Әлем тарихы кафедрасы / Жаңалықтар
14.01.2020
Педагогикалық іс-тәжірибені жүргізу жөніндегі конференция
2020 жылдың 13 қаңтарында Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен 3-ші курс студенттеріне арналған педагогикалық іс-тәжірибені жүргізу жөнінде конференция өтті. Конференцияға институт бойынша педагогикалық іс-тәжірибеге жауапты әдіскер, профессор Ж. Нұрманбетқызы, доцент Г.Т. Джайнакбаева, қаумдастырылған профессор Г.С. Саудабаева, аға оқытушылар А.О. Надирбекова, Г.М. Коккозова және М.А. Қуанәлі, оқытушы М.С. Қасымов қатысты.
Конференцияны Институт бойынша педагогикалық іс-тәжірибеге жауапты әдіскер, профессор Жұмахан Нұрманбетқызы ашты және бұл конференцияның маңызын мысалға ала отырып, педагогикалық іс-тәжірибенің студенттерге кәсіби білімін шыңдау мақсатында болашақ тарихшы мұғалімдерді даярлауда біздің университеттің алатын орны туралы айтып өтті. Конференцияның өтілу бағдарламасы барысында психология ғылымдарының кандидаты Айша Надирбековаға сөз кезегі берілді. Іс-тәжірибеден өту барысында психолог-әдіскерлердің мектеп оқытушылардың талаптары, тапсырмалары туралы ерекшеліктері баяндалды.
Педагогикалық іс-тәжірибенің 3-ші курс студенттері «5В011400-«Тарих», «5В011500-Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының арасында болатындығы жайлы және ұйымдастырылу барысы туралы Жұмахан Нұрманбетқызы студенттердің мектепке бөлінгенін айтып, әдіскерлермен таныстырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|