қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2021

«Зайырлылық дінтану негіздері пәнінің оқытылуындағы жаңаша ғылыми зерттеулер» тақырыбындағы Іле ауданының мұғалімдеріне арналған семинар

 

2021 жылдың 1 сәуірінде Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының ұйымдастырумен «Зайырлылық дінтану негіздері пәнінің оқытылуындағы жаңаша ғылыми зерттеулер» тақырыбындағы Іле ауданының мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді.

 

Семинар барысында Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Руслан Сейтказиев іс-шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Алматы облысы дін істері басқармасы ММ, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің директоры орынбасары Жаңабай Сағыныш «Алматы облысының діни ахуалы және дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар» туралы сөз сөйледі. Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық ғылымдар кафедрасының профессоры Избаиров Асылбек «Діни экстремизм мәселесінің өршуі жағдайындағы діни және дінтанулық зерттеулер» тақырыбында ақпарат берді. Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Мамырбаев Дидар «Зайырлылық дінтану негіздері пәні ұлттық идеологияны қалыптастырды» тақырыбында өз ойын білдірді.

 

Іс-шара модераторы Руслан Сейтказиев «Зайырлылық дінтану негіздерін оқытудағы әдіс-тәсілдер және жаңа зерттеулер» бойынша мәлімет беріп, жалпы семинар жұмысын қорытындылады. Іс-шара соңында қатысушылар баяндамашыларға өздерін қызықтыратын сауалдар бойынша жауап алды. Іле аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Баченов Оралбек және басқа да қатысушылар осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін әлем тарихы кафедрасы кафедрасының меңгерушісі мен оқытушыларына өз алғысын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу