қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2021

«Қазақстан - тұғыры биік мемлекет» тақырыбында мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жобаларды қорғау

 

2021 жылғы 26 сәуірде Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының «Ғылым декадасы - 2021» іс-шаралары аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына арнайы ұйымдастырылған «Қазақстан - тұғыры биік мемлекет» тақырыбында мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жобаларды қорғау шарасы өтті. Ғылыми жобаны орындауға Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысының 20-дан астам 9-11 сынып мектеп оқушылары қатысты. Ғылыми жобаларды қорғау кезінде Тарих және құқық институты директорының ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мұратқазин Мұхтар, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Асымова Дария, профессорлар Нұрманбетқызы Жұмахан, Абдугулова Бағлан, аға оқытушы Жусанбаев Гүлқыз әділ қазылар алқасының мүшелері болып, әр қатысушының ғылыми жұмыстарын тыңдап, өз бағаларын қойды.

 

Аталған іс-шара барысында кәсіби бағдар жұмысы жоспарын орындау және университетіміздің білім бағдарламалары жайлы ақпарат тарату мақсатында іс-шара қатысушыларына Әлем тарихы кафедрасының білім беру бағдарламалары туралы бейнеролик көрсетілді.

 

Шара соңында барлық қатысушыларға мақтау қағазы беріліп, жеңімпаздарға І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар табысталды. Тарих және құқық институты директорының ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мұратқазин Мұхтар іс-шара қатысушыларын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойымен құттықтап, алғыс білдіріп, барлық оқушыларға сәттілік тіледі.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу