қазақша · русский · english
 
 
 
15.06.2021

Балаларды қорғау күніне арналған іс-шара

 

2021 жылдың 11 маусымында Тарих және құқық Институтының Әлем тарихы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылындағы №9 орта мектептің 12 жетім және мүмкіндігі шектеулі балалары (6 ұл және 6 қыз) үшін Балаларды қорғау күніне арналған іс-шара ұйымдастырды. Кафедра меңгерушісі Асымова Дария, кафедра оқытушылары Манапбаев Нұрболат, Айтолқын Дүйсенбайқызы және Сейтқазиев Руслан өз ұжымының атынан сыйлықтар таратып, ізгі тілектерін білдірді.

 

№ 9 мектеп директоры Жунисова Жақсыгүл және ұстаздар ұжымы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтындағы Әлем тарихы кафедрасының ұжымына алғысын білдіріп, алғыс хат беріп марапаттады. Іс-шараға ат салысқан профессор-оқытушылар құрамы балалардың көңілді көздерін көріп, ризашылағына бөленіп қайтты. Бұндай шараларды дәстүрлі шараларға айналдыруға шешім қабылданды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу