қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2021

«Зайырлылық және дінтану негіздері пәнін оқыту мәселелері» семинары

 

«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Тарих және құқық» институты, «Әлем тарихы» кафедрасы тарапынан 2021 жылдың қаңтар айында жасалған «Ынтымақтастық туралы шарты» (меморандум) негізінде, білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша біріккен тәжірибелік конференциялар мен семинарлар, педагогикалық, құқықтық оқуларды өткізу туралы өзара әрекет ету жоспарлары құрылған.

 

Меморандумға сәйкес 2021 жылдың 10 желтоқсанында Іле ауданы, Байсерке ауылы №28 мектеп гимназия базасында «Зайырлылық және дінтану негіздері пәнін оқыту мәселелері» тақырыбында семинар өтті. Осы семинарға спикер ретінде өз жұмысымен таныстыруға және тәжірибе алмасуға: «Әлем тарихы» кафедрасының оқытушылары, PhD докторант Сейтқазиев Руслан, магистр Мамырбаев Дидар және Алматы қаласы №146 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Камысбаева Катира Балабекқызы қатысты. Семинар жұмысын Іле ауданы Білім бөлімінің әдіскері Баченов Оралбек Оралбайұлының ұйымдастыруымен болды.  Семинар жұмысы жоғары деңгейде өткізілді.

 

   




Кері оралу