қазақша · русский · english
 
 
 
31.01.2022

Кафедра профессоры біліктілікті арттыру курсын өткізді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының біліктілікті арттыру курстарының 2021-22 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының профессоры Б.К. Абдугулова 2022 жылдың 24 мен 28 қаңтары аралығында «Жоғарғы оқу орындарында тарихты оқытудың теориясы мен әдістемесі» тақырыбында оқытушылар, докторанттар және магистранттар қатысқан біліктік арттыру курсын өткізді. Курс барысында лектор тарих сабағын оқытудың теориялық негіздеріне сабақты өткізуде қолданылатын түрі әдіс-тәсілдерге кеңінен тоқталып, жас мамандардың кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін жетілдіруге байланысты кеңестерін берді.

 

       




Кері оралу