қазақша · русский · english
 
 
 
21.02.2022

«Тарих сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жаңа әдіс-тәсілдері» семинары

 

Алматы облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Тарих және құқық» иституты «Әлем тарихы» кафедрасы тарапынан 2022 жылдың қаңтар айында жасалған «Ынтымақтастық туралы шарты» (меморандум) негізінде, білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері бойынша біріккен тәжірибелік конференциялар мен семинарлар, педагогикалық, құқықтық оқуларды өткізу туралы өзара әрекет ету жоспарлары құрылған.


Меморандумға сәйкес 2022 жылдың 19 ақпанында Панфилов ауданы Жаркент қаласы Н.И.Хамраев атындағы орта мектеп базасында «Тарих сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жаңа әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Осы семинарға спикер ретінде өз жұмысымен таныстыруға және тәжірибе алмасуға: «Әлемтарихы» кафедрасының оқытушысы, докторант Сейтқазиев Руслан қатысты. Семинар жұмысы Панфилов ауданы Білім бөлімінің әдіскері Анар Ибрагимованың ұйымдастыруымен болды. Семинар жұмысына аудан тарихшыларынан 40 жуық ұстаздар қатысты. Семинар жоғары деңгейде өткізілді.

 

   

 

   




Кері оралу