қазақша · русский · english
 
 
 
04.03.2022

Ашық сабақтар өтуде

 

Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасы студенттері өндірістік оқу тәжірбиесін өтуде. 2022 жылдың 3 наурызында «5В01300-Тарих - Дінтану» мамандығының 4-ші курс студенті Мұратов Темірлан Орал қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектептің 9 «б» сынып оқушыларына «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушыларға еліміздің тәуелсіздігі мен экономикасы жайында мол ақпарат берілді. Оқушылармен бірге тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тарихи талдау жасалды. Оқушылар тақырып бойынша тапсырмалар орындады.

 

Ашық сабаққа онлайн форматта әдіскер жетекші Дидар Мамырбаев және Орал қаласындағы №1 мектептің тәжірбие жетекшісі Жансая Мендешева және аталмыш мектеп мұғалімі Гүлжанат Майханова қатысты. Ашық сабақ өз денгейінде жақсы өтті.

 

   




Кері оралу