қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2022

Нағыз патриотизм туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады

 

2022 жылдың 16 наурызында Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.С.Кенжебекова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Туған өлкем, жұмақ мекенім» тақырыбында «6В01516 география-тарих» мамандығы 2 курс студенттерімен тарихи баяндамалар керуенін өткізді. Мақсаты: әр оқушыны туған жерінің бай тарихымен жан-жақты таныстыру, өлкетану арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізуге үйрету.

 

Іс-шара барысында Солтанғазин Аяулым - «Ұлы Жібек жолындағы Бақты Бекеті», Қызбай Салтанат - «Молықбай Шал Матайдағы...» және Жекен Ақжол - «Алдияр батыр» атты баяндамалар жасады. Олар ұлы тұлғалар мен туған өлкенің тарихы туралы тарихи деректерге негізделген аз зерттелген, әрі өте қызықты мәліметтермен бөлісті. Шара барысында «Өткенді ұмытпай, жарқын болашаққа қадам басамыз» деген сенім білдіріліп, жастарды Отанды сүюге, халқын құрметтеуге, бүкіл елдің игілігі үшін еңбек етуге шақыратын үндеу жасалды.

 

Сондай-ақ шараға Дүниежүзі тарихы кафедрасының оқытушылары М.Қасымов пен Д.Мамырбаев қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Олар нағыз патриотизмнің туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталатынын атап өтті.

 

   

 

   




Кері оралу