қазақша · русский · english
 
 
 
04.04.2022

Эдвайзерлік тәрбие жұмысы

 

2022 жылдың 04 cәуірінде Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Мамырбаев Дидар 1 курс «6В02209 - Тарих - География» 102 топ студенттеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Эдвайзерлік тәрбие жұмысын» жүргізді.

 

Бірінші курс студенттері үшін еліміздің бас кітапханасына кіру үшін оқырман билеті жасалды. Студенттерге кітапхана әдебі, әдебиеттерді іздеу және тапсырыс беру жолдары үйретілді. Студенттер кітапхана жүйесіндегі электронды мәзірден авторлардың еңбектерін қалай іздеп, тапсырыс беруді практикалық тұрғыдан үйренді.

 

   

 




Кері оралу