қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

«ХІХ ғасырдағыҚазақстандағы білімнің дамуы» дөңгелек үстелі

 

2022 жылдың 11 сәуірінде ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты  Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары Дайрабаева А.Е. және Шорманова А.Қ. «XIX ғасырдағы Қазақстандағы білім беру жүйесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.  

 

Дөңгелек үстел барысында Дайрабаева А.Е. баяндама жасап,діни білім беру жүйесі мен медреселердің қаншалықты ықпал еткен ітуралы, молдалардың, мектеп мұғалімдерінің дайындығы туралы, мешіттердегі сабақтар туралы, оқыту шарттары мен гендерлік теңсіздік туралы сөз қозғалды. Дәл осы жүйеден шыққан қазақ мәдениетінің ір іқайраткерлері А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Б.Майлин жәнет.б. туралы сөз қозғалды. Дөңгелек үстелге 2-3 курс студенттері қатысып, мұғалімдерге қызықты тақырып пен материалды таныстырғандары үшін алғыстарын білдірді. Шара барысында 4 курс студенті Руслан Айткужиннің қызықты баяндамасы тыңдалып, орта мектепте сабақ беру әдістемелерімен бөлісті. Жалпы, дөңгелек үстел өте қызықты және мазмұнды өтті.

 

   

 

   




Кері оралу