қазақша · русский · english
 
 
 
20.04.2022

Зайырлылық және діни қатынас: «Жастар арасындағы діни сауаттылық»

 

2022 жылдың 20 сәуірінде Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Дидар Мамырбаевтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дінтану сараптама департаментінің бас сарапшысы Жамалбек Дүйсенбаевтың қатысуымен 3 курс «6В01602Тарих-дінтану» және 4 курс «5В013000-Тарих-Дінтану» мамандықтары студенттеріне «Зайырлылық және діни қатынас: «Жастар арасындағы діни сауаттылық» тақырыбында тәрбие жұмысы өткізілді.

 

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты - жастар арасындағы діни сауаттылықты қалыптастыру және 4 курс студенттерінің диплом жобаларына қатысты кейбір дінтанулық сараптауды қажет ететін сұрақтарға жауап табуға бағытталған.

 

Тәрбие жұмысына барысында ҚР АжҚМ Дінтану сараптама департаментінің бас сарапшысы Ж.Қ. Дүйсенбаев спикер болып, қоғамдағы діни ахуалды, мемлекеттің дін істерін реттеуге қатысты саясатымен таныстырып, еліміздегі Жаңа діни ағымдардың миссиялық диноминацияларын ашып көрсетті. Сонымен қатар, түлектерге дінтану сарапшысы ретінде Білім, Әділет және Сыртқы істер министірліктеріне маман ретінде жұмысқа орналасуға кеңес берді.

 

Аталған іс-шараға Әлем тарихы кафедрасының профессор-оқытушылар қауымы да белсенді қатысып, студенттермен бірге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

 

   




Кері оралу